Ерболат Баятұлы. Ғарыштан құлаған...

ӘДЕБИЕТ
3058

Айналдың үр жаңа
өзің де өлеңге,
Арманың аласармасын, 
биік бекемің.
Сендегі іңкәр бір 
сезімді көрем де,
Мынау дүниені әп-сәтте 
сүйіп кетемін.

Жаныма түрленіп 
сан бояу өң кіріп
Жанарыңдағы от алау 
ұшқын демеді. 
Көктемнің көзімен 
аңдамай телміріп, 
Көктемнің көңілімен 
құшқым келеді.

Ырду дүние Ғарыштың
сөзінен тараған. 
Түсіңе түнделеп тағы
енгім келеді. 
Көкорай әлемнің
көзімен қараған, 
Көктемнің бағынан сені
көргім келеді.

Менен алыстап кеткен
сауық алаңым. 
Беу, уақыт- ай сен не деген
жүрдек керім ең. 
Мен сені оп- оңай
тауып аламын
Мынау дүниенің қым-қиғаш
суреттерінен.

Сезіміңді жазғырма
әуредей көріп, 
Сезімге не дауа, айтшы, 
жерікті еткесін.
Ғарыштан құлаған 
сәуледей болып,
Болмысыма түп-түгел 
еніп кеткесің.

25.02.19.

author

Ерболат Баятұлы

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...