Қосшы қаласында аламан айтыс өтті

ӘДЕБИЕТ
4353
Осымен екінші рет өткізіліп отырған қалааралық айтысқа еліміздің сегіз қаласының намысын қорғап он ақын қатысты. 



Ердәулет Ибраев (Шымкент), Ақбота Манарбекқызы (Өскемен),  Мұхтар Қонарбаев (Тараз), Айым Асылбекқызы (Алматы), Жаңажол Мұқанов (Ақтөбе), Нұрдәулет Өмірбеков (Түркістан), Ғалым Еркінбек (Алматы), Жаңылжан Жолдымұрат (Астана) және Қосшы қаласының  қос ақыны Нұртілеу Төленбек пен Аян Ниязбек айтысты.



Айтысқа  ақын Қадірхан Қизатұлы, ақын Олжас Қасым және дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнер магистрі Ерболат Шалдыбеков төрелік етті.



Қазылардың шешімімен қосшылық Аян Ниязбек бірінші,  Айым Асылбекқызы екінші,  Ақбота Манарбекқызы мен Нұртілеу Төленбек үшінші орынды иеленді.
Айтыс қаламызда жаңадан ашылған "Дара" концерт залында өтті.
Айтысқа демеушілік жасаған барша кәсіпкерлерге алғыс айтамыз!
Төл өнерімізге тамсантып, рухани ләззат сыйлаған жас ақындарға шығармашылық табыс тілейміз!


ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...