Римде Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

ӘДЕБИЕТ
1577

Италия астанасы – Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабар таратты. Шараға министр Аида Балаева қатысып, Абай Құнанбайұлының қазақ халқының рухани кемелденуіне бағдар болған  ұлы тұлға екенін атап өтті.

«Кейінгі жылдары мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынас ерекше серпін алды. Өткен жылы президентіміз Тоқаевтың Италияға ресми сапары мен Италия министрлер кеңесінің төрайымы Қазақстанға жасаған ресми сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді. Ал қыркүйек айында Италия президенті Қазақстанға келіп, жаңа байланыстарға жол ашып, бірқатар маңызды келіссөздер жасалды. Бүгінгі Абай ескерткішінің ашылуы – сол келісімдердің көрінісі, екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп білемін», - деді Аида Балаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...