Талдықорғанда «Жетісу көктемі » жас әдебиетшілер форумы өтеді

ӘДЕБИЕТ
5504

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласының жарық көруінің 1 жылдығына орай Талдықорған қаласында  «Жетісу көктемі» атты жас қаламгерлер форумы өтеді.

Алматы облысының әкімдігі, Қазақстан жазушылар одағы және облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтетін әдеби шараға  Астана мен Алматы қаласынан белгілі қаламгерлермен қатар жас ақындар мен жазушылар қатысады. Форум бағдарламасы аясында отан әдебиетін дамыту мәселелері талқыланбақ. 

Ертең, дүйсенбі күні басталатын шара 2 күнге жалғасады. Форумның алғашқы күні қонақтар  Қарасай ауданындағы рухани, мәдени нысандарды аралап, Кербұлақ ауданында орналасқан  Шоқан Уәлихановтың мұражайындағы жәдігерлермен танысады.

Форумның 2 күні Талдықорған төрінде «Руx» әдеби бәйгесін жеңіп алған авторлар кітабының тұсаукесері, жас қаламгерлерді Жазушылар одағына мүшелікке қабылдау және «Мәңгілік елдің мұраты»  атты облыстық әдеби байқаудың қорытындысы жария болып, жеңімпаздарға Алматы облысы әкімінің әдебиет саласындағы жүлдесі табысталмақшы.

 


madeniportal.kz

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...