Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет комитеті төрағасының...
Аида Балаева: Алғаш рет 8 тілде таратылатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосамыз
Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ағымдағы жылдың 1 наурызында «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылылады деп мәлімдеді. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.
Аталмыш порталда жарияланатын барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылады. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті араб, ағылшын, қытай, орыс, түрік, француз, испан, түрік, қазақ тілдерінде насихатталады.
«Біз алғаш рет 8 тілде таратылатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосамыз. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды ел аумағында ғана емес, шет ел аудиториясына да насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау. Бұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 миллион «виртуалды туристерді» қабылдайды», деді министр.
сондай-ақ Қазақ мәдениетінің түрлі салаларына арналған бөлімдерде таланттар, елдің даму мүмкіндіктері, театр қойылымдары, киноиндустрия, мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар, туристік орындар, қолөнер, сондай-ақ Қазақстанның сәулет өнеріндегі жетістіктері туралы ақпараттар ұсынылатын болады.