Қазақстанда үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

Фото: Pixabay

Медицина
836

Қазақстанда үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы шығарған «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынып, айналымнан жинап алу туралы шешім шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті бұйрығында айтылған.

Шектеу таблеткалардың BSE92301A сериясына қатысты. Бұл партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген. Десилмакс дәрілік затының аталған сериясын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан жинап алынсын, — делінген бұйрықта.

Айта кетейік, бұл шешімге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты мен өткен жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен бір жарым жастағы Айшаның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...