Енді Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы екпе 14–17 жастағы қыздарға да салынады

Фото: magnific.com

Медицина
96

Қазақстанда енді 14–17 жастағы қыздар да адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина ала алады. Денсаулық сақтау министрлігі жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz сілтеме жасап. 

Қазір елімізде 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы жоспарлы вакцинациялау, 12–13 жастағы қыздарды толықтыра иммундау жалғасып жатыр.

1 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 11–13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы 398 мыңнан астам екпе салынған. Оның ішінде 248 мың қыз вакцинаның алғашқы дозасын алса, 150 мың қызға екінші доза егілген. Мамандардың айтуынша, вакцина алғандар арасында иммундаудан кейінгі ауыр жағымсыз әсерлер тіркелмеген.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне  адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алатындар қатарын кеңейту туралы өтініш азаматтардан көп түскен.

Осыған байланысты жасөспірімдерді қосымша қорғау және  адам папилломасы вирусымен байланысты онкологиялық аурулардың қаупін төмендету мақсатында  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер 13 мамырда арнайы қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес,  адам папилломасы вирусына қарсы қосымша вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ерікті түрде жүргізіледі.

Вакцина салу үшін қыздың өзінің немесе ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімі қажет. Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген мекенжай бойынша емханаларда салынады.

Қосымша вакцинация қолда бар вакцина қоры есебінен жүргізіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жоспарлы түрде жүрекке операция жасалды, деп ха...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңес...