Түркістан облысында екі жастағы баланың денесі табылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1108

Түркістан облысында құтқарушылар 31 наурызда жоғалып кеткен қыздың денесін тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2026 жылғы 4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат елді мекеніндегі Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты», — делінген хабарламада.

Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен. Оның денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...