Белгілі публицист Намазалы Омашев 75 жасқа толды

Фото: Дархан Қыдырәлінің Facebook парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1480

Көрнекті ғалым, белгілі публицист, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев 75 жасқа толды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«ҚазҰУ-де профессор Намазалы аға Омашұлының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған тағылымды іс-шараға қатысып, мерейтой иесіне Сенат төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың құттықтау хатын тапсырдым» деп жазды Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында. 

Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, жиналғандар Намазалы Омашевтың қазақ журналистикасының өрлеуіне қосқан зор үлесін зор ықыласпен атап өтті.

«Намазалы аға туралы көп айтуға болады. Жампоз жуиналист. Парасатты публицист. Зерделі зерттеуші. Жинап, жүйелеп, журналистиканың жылнамасын жазған ғибратты ғалым. Ұлағатты ұстаз. Бекзат болмыс. Жасай беріңіз, жаза беріңіз жақсы аға!» деп жазды ол. 

Журналистика факультетінің студентерімен кездесу қызықты өтті деп ойлаймын. Дәстүрлі медиа, жаңа медиа, жасанды интеллект, этика және тағы басқа тақырыптарда әңгіме өрбіді, деп қосты Қыдырәлі.

Намазалы Омашев – бес монографияның, алты оқу құралының, бес ғылыми-публицистикалық еңбектер жинағының, жеті оқу құралының және 300-ден астам ғылыми-публицистикалық мақалалардың авторы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Интернеттегі қысқа видеороликтер бүгінде балалар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұрын бос уақыт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...