"Неге Қабатов болмайсыз?": Танымал шоуменнің екінші әйелі оқырмандарына жауап берді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1776

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызы оқырманының сұрағына жауап берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Айман Талғатқызы біреудің өмірін әңгіме қылатындарға жауап қатты.

"Егер мықты болсаң Қазақ үшін, Ел үшін-Жер үшін бір нәрсе ойлап тауып, пайдаңды тигіз. Сосын барып біреуді талқылап мұрныңды шеріп айтарыңды айт. Бірақ өкінішке орай біздің қоғамда ондайлар жоқтың қасы. Көріп отырмыз небір әйелдерді, біреуді, талқылап, даттап отырып өзінің ажроасқан құрбысына қатты тиігізіп отырғанын сезбейтін. Көріп отырмыз өзі біреудің 2-ші әйелімен құрбы, сөйте отырып біреуді әңгіме қылады. Көріп отырмыз бір әйелді көтеріп бір әйелді түсірin отырғанын. Екіжүзділік қайда жатыр?! Бірақ өзінің қолынан келіп тұрған бір ісі жоқ. Қазаққа жаудың ... керегі жоқ деген сөз рас екенғой", - деді Айман Талғатқызы.

Сонымен қатар, жұбайы Тұрсынбек Қабатов жайлы да сөз етті.

"Кімнің -кім екенін де көрдік,естідік,түсіндік. Құс секілді қанатымызды бір қағып жіберіп әр қарай ұшып барамыз. Оған ешкімнің жоқ таласы. Қабатовты Қабатов қылған бір Алла және тынымсыз еңбегі. Неге сіз Қабатов болмайсыз мысалы? Нет бола алмайсыз. Ең болмағанда әлеуметтік желіден бір нәрсе пісіріп неге атың шықпай жатыр? Неге? Оны да жасай алмайсың, бірақ өсек айтқанда, қарғағанда алдыңа жан салмайсың. Неге? Себебі сен Қабатов емессің. Әр сөздің де жаны бар. Алла әр жанды ерекше дарынмен жаратады. Маңдайына жазады", -  деді шоуменнің әйелі.

PESTEL

Иран билігі Дональд Трамптың АҚШ-тың екі күннен кейін аяқталатын ультиматумы туралы ескертуін үзілді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы полициясы қала тұрғындарына тас пен таяқ қолдана отырып шабуыл жасаған құқық бұзушылардың елд...