Польшаның оңтүстігінде орналасқан Краков қаласына сапарымыз мәдени әрі тарихи сәттеріміздің бірі бо...
Астана залы
Астана залында Астана қаласының тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы ретінде пайда болуының, қалыптасуының және дамуының тарихын баяндайтын маңызды нормативтік-құқықтық актілер, жәдігерлер және фотоқұжаттық материалдар жүйелі түрде көрсетіледі.
9 зал мен 16 дүңгіршекке хроникалық-құжаттық тәртіппен орналастырылған материалдар көне дәуірлерден бастап қазіргі заманға дейінгі қала тарихымен жан-жақты танысуға мүмкіндік береді.
І тұрған «Елорданың ежелгі және орта ғасырдағы тарихы» атты витринадан қаланың байырғы тұрғындары туралы ақпаратты табуға болады. Орта ғасырдағы Бозоқ қалашығы арқылы түрктер мен қыпшақтардың дәуірі көрсетілген. Қазақ хандығы (XV-XVII ғғ.) гүлдену дәуірінде қазіргі Астананың орнында болған Бытығай қаласын өзінің бас ордасы етті.
ІІ тұрған «XIX-XX ғғ. Ақмола» витринасы Ақмола қаласының XIX ғасырдың екінші жартысындағы тарихымен таныстырады: Ақмоланың әскери бекінісінің салынуы; Ақмола – маңызды экономикалық орталық; Ақмола – саяси күрестердің аренасы; Ақмола ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында; Целиноград – тың өлкесінің астанасы; Астана – Қазақстанның Елордасы.
ІІІ тұрған «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа елордасы» витринасы тәуелсіздікке қол жеткізу, тарихи атаулардың қайтарылуы, елдің орталығын Алматыдан Астанаға көшіру және Астана қаласының символын қабылдауды көрсетуге арналған.
IV тұрған «Елорданың сәулеткерлік келбеті» витринасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астана қаласының заманауи сәулеткерлік келбетін қалыптастырудағы орны туралы, Астана қаласын салудың алғашқы идеялық нобайына жарияланған халықаралық байқау туралы, Қазақстан мен шетелдік сәулеткерлердің ұсынған жобалары жөнінде баяндайды.
V тұрған «Экономика, өнеркәсіп пен транспорт» витринасында Астана қаласының экономикалық инфрақұрылымы туралы толық мағлұмат беріледі. Мұнда «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру, инновация мен машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, транспорт пен коммуникация, коммуналдық шаруашылық, сауда және тамақтану тақырыбы қамтылған.
VI тұрған «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен дін» витринасы Астана туралы рухани орталық ретінде, білім мен ғылымның, мәдениеттің дамуы жайлы баяндайды. Бұл жерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған медициналық кластер көрсетілген.
VІI тұрған «Спорт» витринасында Астананың кәсіби командалары мен спортшылары туралы, қаланың спорттық нысандары туралы, Азиада (VІI Қысқы Азиялық ойындар) туралы материалдар көрсетілген.
VІІI тұрған «Жасыл белдеу» витринасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Астананың айналасында «Жасыл белдеу» құру туралы бастамасы туралы, қаланы абаттандыру бағдарламасы, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту жөніндегі тұжырымдамасы туралы мағлұмат береді.
Қазақстанның қазіргі астанасының халықаралық деңгейдегі танылуын баяндайтын IX витрина «Астана – халықаралық әлемдік және еуразиялық саясаттың ортасында» деген тақырыпты ашу үшін фотоқұжаттық материалдар мен экспонаттарға сүйенеді.
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі, Астана экономикалық форумы және басқа да халықаралық маңызы бар жиындар өткізіліп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи съезі, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері өтті. 2017 жылы халықаралық EXPO көрмесі өтеді.
Елорда дүниежүзінің 20-дан астам қалаларымен бауырластық байланыс пен достық қатынас орнатқан. 1999 жылы шілдеде Астана ЮНЕСКО-ның «Әлемнің бейбітшілік қаласы» сыйлығына лайық деп танылды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы Елордалар мен ірі қалалардың халықаралық Ассамблеясының мүшесі саналады.