2023 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде тарих ғылымдарының кандидаты, қару...
ҚР Ұлттық музейінің ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы дөңгелек үстел өтеді
ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми зерттеу жұмыстары: басым бағыттары және нәтижелері» атты дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық музейі қорына өткізілетін мұралардың көрмесі; «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер – 2021» ғылыми жинағының презентациясы және ҚР Ұлттық музейі ғалымдарының 2022 жылы атқарған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен танысу іс-шаралары жоспарланған.
2022 жылы ҚР Ұлттық музейі ғалымдары халықаралық және республикалық деңгейдегі бірнеше ірі ғылыми жобаларды жүзеге асырды. Зерттеу жұмыстарының хронологиялық ауқымы ежелгі тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр, этнографиялық уақытқа дейінгі межені қамтиды.
ҚР Ұлттық музейі қорына тапсырылатын мұралар музей ғалымдарының далалық зерттеу жұмыстары барысында топтастырылған. Жалпы саны 78 бірлік жәдігер музей қорына өткізіледі. Сонымен қатар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Өзбекстан Республикасында жүргізілген музыкалық-фольклорлық экспедиция жұмыстары барысында ел арасынан 680 жуық материалдық емес мәдени мұра үлгілері жинақталды.
Дөңгелек үстелдегі басты жаңалық – «Қазақстандағы археологиялық зерттеулер – 2021» ғылыми жинағы презентациясы. Аталмыш жинақта Қазақстанда 2021 жылы атқарылған археологиялық экспедициялардың мәліметтері шоғырланған. Мұндай жинақ отандық археология тарихында алғашқы рет шығарылып отыр. Археологиялық экспедиция мәліметтері негізінде Қазақстанда 2021 жылы қанша ескерткіш, олардың хронологиялық қатыстылығы, облыстық ара-қатынасы мен қаржы көздері бойынша талдаулар жасалған.
Уақыты: 27 қаңтар күні сағат 15:00-де
БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі:
БАҚ өкілінің аты-жөні
(жеке куәлігінің №, ЖСН, берген мекеменің атауы және берілген күні, айы, жылы);
Түсірілім барысында қолданылатын техника жөнінде маркасы
көрсетілген (камера, фотоаппарат) мәліметті тізім бойынша
nmrk.muzei@mail.ru поштасына жіберу қажет.
Аккредитациядан өту уақыты:
26 қаңтар күні сағат 18:00-ге дейін.