1 қарашада Ыстықкөл жағасында кездесуге қырғыздар мүдделі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2703

Қырғызстан Республикасының көк бөрі федерациясының мамандары Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл маңайында көкпар мен көк бөріден турнир өткізуді ұсынды, деп Dopmedia.kz тілшісі Sputnik Кыргызстан агенттігінің Telegram арнасынасілтеме жасап хабарлайды. 

"Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көк бөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл спорт, ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", – деді көк бөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияның Битонто қаласының тұрғыны лотереядан 1 миллион еуро (шамамен 540 миллион теңге) ұтып алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...