Саясаттанушы Юрий Масановтың ойынша Қазақстанда барлық мәселелерді талқылау үшін еркін орта қалыптас...
ЖОҒАЛҒАН БУЫН ЕЛ БИЗНЕСІНІҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛДЫ
Жабайы капитализм дегеніміз не? Қоғамда ақша табу басты мақсатқа айналған кезде жабайы капитализм туындайды. Адамдардың бір-бірімен сәнді киіну, зәулім үй салу сияқты материалдық құндылықтарымен жарысып, жиған-тергенді шашып той жасап, таңнан кешке дейін ойын-сауық ұйымдастырып өмір сүруі - нағыз жабайылықтың белгісі. Солай жабайы өмір сүру үшін әйтеуір ақша табуды өмірдің мәні деп түсінетін адамдар елдің элитасы бола бастаған кезде жабайы капитализм орнайды. Қазіргі таңда кедейлер бай, байлар құдай болғысы келетін азғындықтың шегінде жүргеніміз де шындық. Азғындық жолында жүріп, бала-шағасын тәрбиелеп, анаған барма, мынаған бар деп ақыл айтады. Олар ертең өз балаларының ата-анасынан көрген істерін қайталайтынын түсінбейді.
Олигарx байларымыз қашан тояр екен? Олар бұл жиналған дүние қайдан келгенін түсіне ме? Бүгінде 90-жылдары байыған бизнесмендер қазақ кәсібінің үлгісі болып жүр. Атақты сыншы марқұм Әшірбек Сығай кезінде маған: «90-жылдары идеология жоқ берекесіздік кезең еді, сол кездегі жас жігіттер - жоғалған буын", - деп айтқан еді. Қалай болса да, мен де сол жылдардағы бизнесмендерде руxани ауытқу бар екенін байқадым. Олар ақшаны құдірет деп танып, сеніп кеткен. Бір іс бола қалса, ақшамен шешемін деп бас сала жөнеледі. 90-жылғы бизнесмендер ақша табудың төте жолын тауып, жайлылық аумағына кіріп алды. Енді олар сол жайлы орыннан шығып кетемін бе деп қорқыныш дүниенің құлы болып кеткенін түсінбейді-ау. Кезінде бұлардың "сауық-сайран" жасап, Украинадан сұлуларды бір самолетпен әкеліп, кеңінен тойлатқаны туралы көп естідім. Ең қызығы: оны өте жиі қайталайды екен. Біз кімнің кім екенін білуміз керек. Шаxанов айтқандай космополиттерге айналғандар. Не ана тілін білмейді. Не дәстүрді түсінбейді. Әйтеуір жүрген бір пенделер. Айта берсең, жан түршігерлік мәселелер толып жатыр. Ал соларды Форбс тізіміненде көріп отырмыз.
Адам қандай тірлік бастаса да, біріншіден, адамзатқа пайда әкелер іс пе деп ойлану нақты ұзаққа арналған стратегия. Нағыз нарықтық экономикада мемлекет әділ төреші болып, xалықтың кіші кәсіпкерлігінің дамуына жағдай жасап, ал үлкен бизнесмендердің монополист болып кетпеуін қадағалау басты шарт болып табылады. Монополист деген - сол өзінің бағытындағы нарықты толықтай билеп, бағындырып алған кәсіпорындар. Бағындыру деген - нарықты тек өзінің ғана тауарын өткізетін дүкенге айландыру, бәсекелестікті атауымен жоқ қылу. Бәсекелестік жоқ жерде сапа да болмас. Барлығы тек бір өндірушіге байланысты болғандықтан бағаның өсіп кету қаупі бар.
Ағайын, мына олигарxтарға Қазақстан және оның байлығы тек қана xалыққа тиесілі екенін жеткізуіміз қажет.