10 жыл бойы іздеуде жүрген ер адамның жағдайы белгілі болды

Фото: Түркістан облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
2620

Түркістан облысының криминалдық полиция басқармасы 2014 жылдан бері іздеуде жүрген Түлкібас ауданының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ведомство мәліметінше, күдіктіге атыс қаруын қолданып бұзақылық жасады деген айып тағылған. Қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, сондықтан оған іздеу жарияланған болатын. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...