Дариға Назарбаева тағы бір қызметтен кетті

Фото: parlam.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2356

Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды madeniportal.kz "Ашық НҚА"порталына сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп жатыр.
Өзгерістер театрдың қамқоршылық кеңесі құрамына қатысты. Кеңестен бірқатар тұлғаны шығару ұсынылып отыр.

"Олардың ішінде Мәжілістің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаева, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев және Нұрлан Смағұлов, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ, ERG акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев бар", - деп жазылған мәліметте.
Құжат 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...