Қазақстанда отбасыларды әлеуметтік жағдайына қарай қалай жіктейді?

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
111

Әлеуметтік жағдайына байланысты C, D және E тобына қандай отбасылар жататыны белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Отбасының жағдайын бағалағанда тек табысы ғана емес, отбасы мүшелерінің жұмысы, баспананың болуы, мүлкі, несиелері мен жинақтары ескеріледі.

C тобына табысы орташа, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық отбасы жатады.

D тобындағы отбасының қаржылық жағдайы қиындау болады. Олардың табысы төмен, тұрақты жұмысы мен жеке баспанасы болмауы мүмкін.

E тобына мемлекет тарапынан бірінші кезекте қолдау қажет отбасылар жатады. Мәселен, табысы кедейлік шегінен едәуір төмен болуы, тұрақты жұмысы, баспанасы, мүлкі мен жинағы болмауы, сондай-ақ мерзімі өткен несиелері болуы мүмкін. 

Айта кетейік, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде күнкөріс минимумы 55 173 теңге болмақ.