13 жастағы қызға туыстары мен сыныптастарының жасаған ісі әшкере болды

Фото: freepık

ЖАҢАЛЫҚТАР
667

Үндістанда 13 жастағы қыз баланы 5 жыл бойы 60-қа жуық адам зорлап келгені анықталды, деп хабарлайды Madenıportal.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістан полициясы кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсеткен 58 адамды қамауға алды. Оларды бәрі бес жыл бұрын, қыз бала небәрі 13 жаста болған кезде басталған.

Оқиға бес жыл бұрын Үндістанның ең маргиналды қауымдастықтарының бірінде тұратын кедей жалдамалы жұмысшылардың бірінің отбасында болған. 13 жастағы қыз баланы өзі тұратын ауылдағы көршілерінің бірі зорлағаны туралы болжам бар. Оны зорлағандардың бірі барлығын видеоға түсіріп алғаны анықталды. Ал ата-анасы мұндай жағдайдан мүлдем бейхабар болып келген.

Зорлағандардың арасында көршілерінен, сыныптастарынан, тіпті туыстарынан құралған 58 ер адам қамауға алынды. Тағы екі ер адамның елден қашып кеткені белгілі болды.