Түрмеден шыққан актер Асқар Жұмабек: “Жеттім-ау, деп ата-анамды армансыз құшақтадым”

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1161

Жуырда түрмеден босап шыққан актер Асқар Жұмабек өзінің ата-анасынмен, туған туыстарымен қауышқан сәттегі сезімі жайлы бөлісті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

ТикТокта BALPODCAST арнасына берген сұхбатынан үзінді жариялаған актер ата-анасын құшақтап ұзақ жылағанын жеткізді.

“Жеттім-ау, деп ата-анамды армансыз құшақтадым. 15-20 минуттай тоқтамай көзден жас ақты. Әкем де түсінді, жылап алсын деген шығар. Далаға қарап жаттым да, үйге жеткенше әкем екеуіміз қол ұстасып келдік. Одан кейін үйден анам шықты, әпкем, інім шықты. Жаман қатты сағынған екен. Жүгіріп келіп секіріп, үстімнен түспей қойды” дейді Асқар Жұмабек.

Ол сол сәттегі сезімді, бойындағы шексіз қуанышты өзге адамға сөзбен түсіндіріп беру мүмкін емес екенін, тек қана басынан өткізсе ғана түсінетінін айтады.

“Ол кездегі сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны сезініп көру керек шығар. Бірақ сол сезімді көрмей-ақ та қойыңдаршы. Керісінше, қазір әке-шешеміз бар кезде барынша қадірлеп, сыйлап, сол кісілерді қуантып, жыласа тек қана қуаныштан жыласа екен деймін”, деді актер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Техас штатындағы жойқын су тасқынынан кейін бір аптадан сәл астам уақыт өткен соң, 12 шілдед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.  Жол апат...