«Далаға тастап кеткен»: Маңғыстаулық көкек ана іздестіріліп жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1141

Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Маңғыстау облысында жаңа туған шақалақты тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Безбүйрек ана баласын Мұнайлы ауданындағы тұрғын үй терезесінің алдына қалдырып кеткен. Таңертеңгі сағат 9:30 шамасында сәбидің іңгәлаған дауысын естіген ауыл тұрғыны шошып кетіп, дереу полиция мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған.

Шала туылып, денесі салқындап қалған шақалақты жедел жәрдем қызметкерлері Облыстық ана мен бала орталығына алып келген. Дәрігерлер нәрестенің суықта ұзақ жатып қалғанын айтады. Сондықтан дене қызуын тұрақтандыруға күш салыпты. Ал облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп, бейкүнә баланы тағдыр тәлкегіне салған анасын іздестіріп жатыр.

Гүлзада Сарбалаев, Маңғыстау облысы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

 — Жалпы төмен температурамен келді. Көмек көрсетіліп, жуындырды. Температурасы 36,7. Қазір баланың жағдайы орташа ауыр, бірқалыпты. Сүт беріп жатырмыз. Салмағы 2 келі 200 гр. Шала туған нәресте болғаннан кейін сыртқа, далаға ашық жерге тастап кеткен, орағанымен, ылғал болады ғой. Ылғал болғаннан кейін тез суық тиеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...