Павлодар облысында 2022 жылы адам өлімімен аяқталған қылмыстың мән-жайы төрт жылдан кейін анықталды,...
Тоқаев батыр қыз Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ескерткішіне гүл қойды
Сурет: Ақорда
1742
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына сапары барысында Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында жергілікті жұртшылықпен кездесті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұл туралы Ақорда жариялады.
– Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы келдім. Бұл, ең алдымен, азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын. Баршаңызға көп рақмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кең ауқымда дәріптеуіміз керек. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екеніне назар аударды.