Шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекеттенген 15 шетелдік азамат ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
711

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді, деп хабарлады  MadeniPortal.kzҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылдың маусым айында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 15 шетелдік азамат ұсталды.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекара режимін бұзған 100 адам ұсталып, заңсыз көші-қонның 25 арнасының жолы кесілді. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы негізінде 178 қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды...