“2 аптадан кейін 8-ге толатын еді”: Жүк көлігі жаншып кеткен қыз туралы тың деректер

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2364

Алматы қаласында жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында жеті жасар қызды қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қайғылы оқиға бүгін, 2 сәуір күні сағат 12:17-де Алматы қаласының Алатау ауданында болған. Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлады.

Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді. 

Енді марқұмның әкесі жол апатына себепкер болған автобус жүргізушісінің де жазаланғанын қалайды. Қыз 2 аптадан соң 8 жасқа толуы керек болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...