Әскерге аттанған жігіттің отбасына жазған хаты көпшіліктің көңілін босатты

Фото: Arasha.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1561

Желіде бір жас жігіттің ата-анасына жазған жүрекжарды хаты көпшілікті тебірентті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Әскерге аттанар алдында ол WhatsApp-тағы отбасылық чатқа достарының телефон нөмірлерін жазып, әрқайсысының қандай жағдайда ата-анасына көмек көрсете алатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп кеткен.

Бұл суретте жас жігіт ата-анасына достарының байланыс нөмірлерін қалдырған.

"Бахтиярдың нөмірі – үйдің маңында тұрады, ары-бері көтерісетін заттар болса айтыңдар", "Санжардың нөмірі – телефон, ноутбук, құжат, машина жөндеуді біледі", "Жанарыстың нөмірі – көлік керек болса алдын ала айтыңдар", "Қажымұқанның нөмірі – кез келген өтініш бойынша көмектеседі", "Оралхан – Жетісайдан, үйде бірдеңе сынып жатса, айта беріңдер, күнде жұмыста, бірақ алдын ала ескерткен жөн", – деп жазған жас жігіт өз отбасы чатында.

Осы суретті Threads желісінде жариялаған Айзада есімді қыз өз бауырынң әскерге бара жатқанын айтты.

"Бауырым әскерге аттанды. Ол ата-анамызға қарайлассын деп достарына осылай жазып қойды. Көзге жас келеді..." – деп жазды ол.

Бұл жазба Threads желісінде мыңдаған қаралым жинап, жүздеген пікірге себеп болды. Пікір қалдырғандар жігіттің жауапкершілігі мен бауырмалдылығына тәнті болған.

"Мұндай қамқор ұлға бәріміз тілекшіміз! Аман-есен оралсын!", "Ата-анасын ойлаған нағыз ер азамат!", "Мұндай бауырмал, жауапты ұл сирек. Тезірек елге аман келсін!", "Осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына бас иемін!", – деп жазды желі қолданушылары. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...