20 млн айыппұл салынды: Павлодарда суды заңсыз пайдаланғандар жазаланды

Фото: 24kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
169

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы Ертіс бассейндік су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану инспекциясымен бірлескен жұмыс аясында шаруашылық қажеттіліктер үшін суды заңсыз алудың 50-ге жуық фактісін анықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Анықталғандай, Су кодексінің талаптарын бұза отырып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық ұйымдар, демалыс базалары және басқа да су пайдаланушылар арнайы су пайдалануға рұқсаты болмағанына қарамастан, жерүсті және жерасты суларын алып отырған.

Қадағалау актісі бойынша 15 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.