Ер адам үш адамды әдейі өртеп жіберді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2550

Ер адам үш адамды әдейі өртеп жіберді, деп хабарлайды madeniportal.kz Alash.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Мәскеу облысындағы Солнечногорск қаласында болған. Ер адам үш адамның өмірін қию мақсатында үйді әдейі өртеген. Қылмысты жасаған ер адам 38 жаста екен. Ол бензинмен үйдің кіреберіс есігін және ауласын өртеген, бұл оның тұрғындарына эвакуация жасау мүмкіндігін шектеген. Өрт шыққан уақытта үйде 43 жастағы әйел, оның көршісі және белгісіз бір адам болған.

Әйел оқиға орнында қайтыс болды, ал екінші тұрғын мен оның досы өрттен қашып құтылған.

Ер адам ұсталып, өрт қоюға қатысы барын мойындаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...