«Ақша сұрайды, тонағысы келеді»: Қуат Хамитов алматылықтарға үндеу жасады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2086

Елімізге белгілі ММА шебері Қуат Хамитов алматылық қыздар туралы айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Жаттығудан келе жатырмыз. Әлішер екеуміз бір-бірімізге «Алматының сұлу, табысты, өз-өзін қамтамасыз ете алатын қыздары қайда?» деп сұрап келе жатырмыз. Үш-төрт жылдан бері сондай қыздарды кездестіре алмай жүрміз. Кездесесің, үш күн сөйлескен соң ақша сұрай бастайды, бізді тонағысы келеді. Көрікті, табысты қыздар, сендер қай жерде қыдырасыңдар? Сендерді қайдан табамыз? Сондай қыздар қайда жүретінін айтыңдаршы», — деді Хамитов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Қуат Хамитов әлі де отбасын құрмаған сүрбойдақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...