АҚШ-та атыс болды: Қаза тапқандар бар

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
731

АҚШ-тың Алабама штатындағы Монтгомери қаласының орталығында болған атыс салдарынан 12 адам зардап шекті, олардың екеуін құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы CBS телеарнасы полиция деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, қаруланған адамдар тобы өзара қақтығысып, штат астанасындағы танымал түнгі ойын-сауық ауданында бір-біріне оқ атқан.

Монтгомери полициясының бастығы Джеймс Грейбоус үш жараланған адамның жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Полиция есебіне сәйкес, атыс жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30 шамасында басталған. Қарулы адамдар жұрт көп жиналған жерде оқ жаудырған.

Қазіргі уақытта, телеарна құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлағандай, ешкімге айып тағылған жоқ.

КИНО

2026 жылдың 15 қаңтарында Rustem Omarov YouTube-арнасында (сондай-ақ серия сипаттамасында көрсетілге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хаб...