Мұнай құбырларының ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылдың 1 қаңтарынан ба...
2025 ЖЫЛ: Бақыт кімге бұйырады? Табыс қалай келеді?
Сурет ашық дереккөзден алынды
ТОҚТЫ Жаңа жыл Тоқтыларға адам айтса нанғысыз сәттіліктер ұсынады. Күш-қуаты артып, еселенген энергиямен кез келген істі еңсеріп, жоспарларды жүзеге асырып, біршама жетістіктерге жетеді. Тек жалқаулыққа жол беріп, уақытты зая кетірмесе болғаны. Сыр сақтай алмау, ұқыпсыздық, сабырсыздық пен орынсыз эмоцияға берілуден сақ болыңыз. Олар сәттіліктың уыстан сусып кетуіне себеп болады.
ТОРПАҚ Бұл жылы армандарыңызды ойласаңыз болғаны, орындалуы көп күттірмейді. Жолыңызда ешқандай қиындық пен кедергі жоқ. Сондықтан, қол жеткізгіңіз келетін нәрселердің тізімін жасауды бастай беріңіз. Және ең ұлы жеңістеріңізді тойлауға дайындалыңыз. Сосын жыл бойы асықпай, сабырмен оңтайлы сәттерді күтіп, «алтын балықтарды» шап беріп ұстап алуға дайын жүріңіз.
ЕГІЗДЕР 2025 жылға бизнес-жоспар немесе мансаптық өсу жолын ойластыра беріңіз. Бұл жылы қолға алған әр ісіңіздің айы оңынан туып, табысыңыз еселеп артады. Бір ғана шарт – айналаңызды, жақындарыңызды бағалаңыз. Өктемсу, менсінбеушілік пен адамдардан алшақтау, жақындарыңызға тиісінше көңіл бөлмей, мейірімге шөлдету жетістік пен табыстың жолын кесуі мүмкін.
ШАЯН Бұл жыл сіз үшін түрлі-түсті суреттерге толы калейдоскоп сияқты. Небір қызықты оқиғалар, жарқын эмоциялар мен ерекше сәттерге толы болмақ. Арманыңыздағы көп ақша да осы жылы бұйырғалы тұр. Оңды-солды шашпай, тым құрығанда пассивті табыс әкелетін бір салаға қаржы құйыңыз.
АРЫСТАН Белгі иелеріне 2025 жыл – сынақ жылы болғалы тұр. Батылдығы мен төзімділігі сынға түседі. Әр биікке жеткенінде қайта төмен құлап, табан ақы, маңдай терімен қайтадан тырмысуға мәжбүр болады. Көңілі қалып, тауы шағылған, жеңілісін мойындап қойғандар жыл соңына қарай берілетін сыйақыдан құр қалады. Ал табандылық танытқандар төккен теріне лайық сый алады.
БИКЕШ Бұл жылы Бикештердің жолында ақ пен қара, ауыр мен жеңіл, жақсы мен жаман бірдей мөлшерде, қатар өрілген. Жаңа бастамаларды қолға алса, сәтті аяқтап шығуына мүмкіндік жоқ емес. Әсіресе, өзін әділ әрі мейірімді қырынан көрсете алғандар лайықты марапатқа ие болады. Бірақ асып-тасқан атақ-абырой, көл-көсір табыс, бас айналдырар жетістіктер күтудің қажеті жоқ.
ТАРАЗЫ Бұл жылы Таразылардың маман ретінде өсуге, өзін дәлелдеуге, мансап жолында көтерілуге деген құлшынысы айрықша болады. Мұнысы елеусіз қалмайды әрине. Қызметтік жоғарылау немесе жаңа лауазымды орын, қаржылай сыйақы сындылармен қуантады.
САРЫШАЯН Сарышаяндарға 2025 жылы көбірек еңбек етуге тура келеді. Көздегенінің бәріне тек табанды еңбек, қайтпас қайсарлықпен ғана жетеді. Жыл бойы бас алмай жұмыс істесе, жемісін одан кейінгі жылдарда жейтіні анық. Болжамшылар осы жылы ешкімге қарыз бермеуге, қарыз алмауға шақырады. Мұндай әрекеттің қаржылық жағдайға кері әсері тиеді.
МЕРГЕН Бұл жылды өзін дамыту жолына арнағаны абзал. Жаңа мамандық игерудің қажеті жоқ. Тек өз саласы бойынша тереңдетілген білім алып, тәжірибе алмасып, қабілеттерін жетілдіру керек. Денсаулығына көңіл бөліп, аса белсенді емес, бірақ тұрақты түрде спортпен шұғылданып, сүйікті ісімен айналыспаса, өмірлік ресурстарының орнын толтыра алмай, өзін жоғалтып алуы мүмкін.
ТАУЕШКІ Өте жақсы қаржылық мүмкіндіктер күтіп тұр. Бірақ тапқан-таянғанын 2025 жылы жұмсауға асықпаған абзал. Әсіресе, қымбат заттар сатып аларда он ойланып, мың толғанған артық болмайды. Мүмкіндігінше алдағы уақытта келіп жететін үлкен істерге қор жинай берген дұрыс.
СУҚҰЙҒЫШ Суқұйғыштар жаңа жылда бизнес пен жеке жоспарларда сәттілікке иек артуына болады. Ойына алған істері өздігінен бірінен соң бірі орындала бастайды. Бірақ осы сәттіліктің аясында көбірек қармап қалуды ойлап, қармақты әр жаққа лақтыра бермеу керек. Мұндай қанағатсыздық, сабырсыздық жақсылыққа апармайды. Әйтеуір бір жерде мүлт кетіп, бар тапқаныңыздан бәр сәтте айрылуыңыз мүмкін. Сондықтан, көп асасам деп аптықпай, әр қадамды аңдап басыңыз.
БАЛЫҚТАР Жорамалшылар Балықтарға бұл жылы хоббиіне көбірек көңіл бөлуге кеңес береді. Дұрыс құрылған стратегия мен шығармашылық ұмтылыстар шағын табыстарға жеткізеді. Молшылық жыл соңына қарай ғана бұйырады. Сондықтан, әр тиынды ойланып, есеппен жұмсау керек. Әсіресе, сән мен сұлулық үшін жұмсалған ақша қаржылық жағдайыңызды нашарлатуы мүмкін.