“Жанашырлықтың нәтижесі”: Түркияда ем қабылдаған сарбаз Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
4005

Түркияда ем қабылдаған сарбаз Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазіргі жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ем толық әсер етуі үшін кемінде 3 ай уақыт қажет екенін айтты. Сол себепті үш айдан кейін Ербаян қайтадан Стамбулға барып, емнің реабилитациялық бөлігін жалғастырады, – деп жазады Инга Иманбай.

Ербаянның шел елде ем алуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, ұшу мәселесін шешуге көмектескен генерал Қайрат Үмбетов көмектескен.

Екі рет шетелде ем алу — үлкен еңбек пен жанашырлықтың нәтижесі. Алайда жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. Бұл – дәрігерлер күтетін де, біз түсінетін де процесс. Соған қарамастан, Ербаян өзіне лайықты өмір сүру үшін күресіп жатыр. Оған осы жолда сіздердің қолдауларыңыз күш беріп келеді, – дейді Инга.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...