Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа кірмекші. Бұл азаматтардың қ...
Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйға берілді
Фото: видеодан скриншот
Жетісуда төртем дүниеге келген отбасында үлкен қуаныш. 4 ұлды болған, 7 баланың ата-анасы атанған отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Отбасыға Сарыөзек ауылындағы жаңа көпқабатты үйдің 2-қабатынан барлық жағдайы жасалған 3 бөлмелі пәтер берілді.
Төрт баланы қатар бағып-қағудың оңай еместігі ескеріліп, анасына сәби күтіміне көмектесетін арнайы қызметкер бөлінетін болды.
Облыс әкімдігі ана мен балаларға қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
31 жастағы ана Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан есімді төрт ұл дүниеге әкелді. Бұл отбасының осыған дейін үш баласы болған. Осылайша олар жеті баланың ата-анасы атанды.
Қазақстанда төртемнің дүниеге келуі – өте сирек кездесетін жағдай. Дәрігерлердің мәліметінше, төртем шамамен 600–700 мың босанудың бірінде ғана дүниеге келеді. Алматыда бұған дейін төртем 2015 жылы, яғни 11 жыл бұрын дүниеге келген.