Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) америкалық SAINt JHN деген орындаушының "Roses...
Мейрам күндері ауа райы қандай болады?
Фото: freepik
435
Синоптиктер 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Болжамға сәйкес, елімізде мереке күндері ауа райы тұрақсыз болады. Бұл наурыз айына тән құбылыс. Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады.
Солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады.
Соңғы күндері ауа температурасы айтарлықтай көтерілгенімен, арктикалық суық ауа қайта тарайды.
Метеорологтардың мәліметінше:
• Батыста түнде 5–15 градус аяз болады.
• Солтүстік-батыс пен қиыр солтүстікте 15–25 градусқа дейін аяз күтіледі.