21 жастағы қыз 17 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1271

Ташкентте 21 жастағы қыз 17 жастағы қызға жеңгетай болып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ташкентте кәмелетке толмаған қыздың «жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрленіп жатқаны» туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қоғамның наразылығын тудырды. Бейнежазбадағы қыздардың кім екені анықталды. Тергеу барысында 2004 жылы туған және бұрын қылмыс үшін сотталған Ш.Т. есімді қыз Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданында 2008 жылы туған М.М.-ны ұстап отырғаны анықталды.

Ол қыздың телефонын алып, сатып, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ш.Т. адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру және тонау бойынша айыпталып, қамауда отыр.

Құқық қорғау органдары бұл қылмыс бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...