Павлодар тұрғыны мысықты құтқарам деп мерт болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1002

Павлодар тұрғыны мысықты құтқарам деп мерт болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

51 жастағы ер адам мысықты ағаштан түсірмек болып, 6 метр биіктен құлап кеткен.

Ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның сүйектері сынып, ішкі ағазалары жарылып кеткен.