Прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаевтың айтуынша, блогерлер 7 жылға сотталуы немесе 1 миллиард...
25 жастағы қазақстандық стюардесса белгісіз дертке шалдықты: жақындарын танымай қалған
ЖИ
Оқиға туралы әлеуметтік желіде Қайрат Бермұханов есімді қолданушы мәлімдеген. Оның айтуынша, Непалдан ұшып келген рейстен кейін стюардессаның ғана емес, экипаждың өзге мүшелерінің де денсаулығы сыр берген. Олардың дене қызуы көтеріліп, бастары қатты ауырған.
25 жастағы қыз екі күн жансақтау бөлімінде ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарған. Алайда бірнеше күннен соң денсаулығы қайта нашарлап, айналасында не болып жатқанын түсінбей, тіпті жақындарын да танымай қалған.
Осыдан кейін Қазақстанның дипломатиялық өкілдері араласып, отандасымызды Кувейттегі ауруханаға қайта жатқызуға көмектескен.
Қазіргі уақытта дәрігерлер науқастың жағдайын бақылап, бірнеше ықтимал диагнозды қарастырып жатыр. Алайда сырқаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық азамат дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы министрліктің бақылауына алынған.