«Junior Eurovision 2019» ән додасына Ержан Максим қатысатын болды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3186

"Биылғы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауында еліміздің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайтын болды" деп жазды, Дәурен Абаев өз парақшасында. 

Дүниежүзінің назарына ілігетін бұл ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтпекші.

Сонымен қатар"Хабар" Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтежиесінде, Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын да ерекше айта кеткеніміз жөн. 

Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші мәрте қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөліст...

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...