28 сәуірде Қазақстанның алты облысында үсік күтіледі

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
676

Казгидромет болжамы бойынша, сейсенбі, 28 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, ал елдің оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Шығыста бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Елдің орталығында және батыстың шеткі бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігі мен батысында, Ақмола облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігі мен шығысында 1–3 градус үсік күтіледі. Абай облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.

Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...