Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Сурет автордан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1722

Ақпан айының 12-сі күні Алматы қаласындағы Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында жазушы Ырысбек Дәбейдің «ТҰМАНДЫ ҚАРАША. Ай сонатасы» атты жаңа кітабының тұсаукесер кеші өтті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Аталмыш кешке белгілі қаламгерлер мен жас әдебиетшілер, БАҚ және басқа да мәдениет саласының өкілдері, жалпы әдебиетсүйер оқырман қауым қатысты. 

Жаңа кітапқа автордың кейінгі жылдары жазған әңгімелері мен «ТҰМАНДЫ ҚАРАША. Ай сонатасы» атты хикаяты енген. Бұлардың түгелдей дерлігі –әдебиетшілердің оң бағасын алып, республикалық, халықаралық бәйгелерде жүлделі болып, кең тараған туындылар. 

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, "Ақжелкен" журналының бас редакторы, ақын Есей Жеңісұлы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР ЖО мүшесі, ақын Ақберен Елгезек, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР ЖО мүшесі, "Ана тілі" газетінің бас редакторы, ақын Ерлан Жүніс, Мәдениет саласының үздігі, Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Сламбайқызы мен жас жазушы, осы кітаптың редакторы Санжар Бекжан кітаптың тұсауын кесіп, Ы.Дәбейдің шығармашылығына тоқталып, ақ жол тіледі.

Айта кетейік, «ТҰМАНДЫ ҚАРАША. Ай сонатасы» кітабы биыл «Steppe & World publishing» баспасынан жарық көрді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция мен көші-қон қызметінің қызметкерлері үш күн бойы шетелдіктердің тұратын және жұмыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік қылмыс болды. Бұл жолы Сайрам ауданының тұрғындары бір-...