Көлікке байлап, жол үстінде сүйреген: Желіде жантүршігерлік видео жарияланды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1256

Тараз қаласында итті жүк көлігіне байлап, жолмен сүйреген сәттің видкосы тарап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жануардың аяғы мен мойнын көліктің кузовына байлап қойғаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 19 желтоқсанда Саңырақ батыр көшесінде болған.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде бұл дерек бойынша «Жануарларға қатыгездік көрсету» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Жануарларды арнайы аулау көлігінің рөлінде болған инспектор анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Сонымен қатар мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу үшін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұйымның атына ұсыныс жолданды. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...