3 күнде келуге міндетті: Елімізде әскерге шақыру енді онлайн жүзеге асырылады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1732

Азаматтар енді әскерге шақыру қағазын электронды түрде алады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жігіттер әскерге шақыру қағазын алдағы уақытта SMS арқылы және eGov порталындағы жеке кабинетінде алады. 

Шақыру келген соң үш күн ішінде белгіленген күні және уақытта медициналық куәландырудан, комиссия отырысында немесе бөлімге жіберу үшін әскери комиссариатқа келуге міндетті. 

Егер шақырту қағаз түрінде болса, оны қол қойып қабылдап алу керек. Егер адам шақырту қағазын қолына алмаса, қағазға тиісті белгі қояды, ол жергілікті әскери басқару органына қайтарылады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...