Қарағандыда 17 жастағы мотоцикл тізгіндеген жігіт қаза тапты

Фото: madeniportal.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1767

Қарағанды қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, кәмелеттік жасқа толмаған бала көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Halyqstan telegram арнасының мәліметінше, оқиға Бұқар Жырау даңғылы мен 7-магистральдің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жолаушымен бірге бордюрге соғылып, соққы салдарынан жол жиегіндегі бағдаршам бағанасына ұшып кеткен. Ауыр жарақат алған жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.

Жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан бозбала жуырда ғана өзіне жаңа мотоцикл сатып алған. Бұл ақпарат марқұммен бір мотоәуесқойлар чатында болған жергілікті тұрғыннан белгілі болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...