Қазақстандық әйел жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
698

Павлодар облысында 23 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатпақ болған. Ол сауданы жүктілігінің соңғы айында желі арқылы жүргізген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны жүктіліктің соңғы айларында әлеуметтік желілер арқылы сатып алушылар іздеген.

"Туғаннан кейін әйел үш күндік сәбиін ақшалай сыйақыға беруге тырысқан сәтте ұсталды", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары күдіктіні анықтап, қылмыстық ниетті тіркеп, ұстап, ауыр салдардың алдын алған.

“Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жаңа туған қыз бала дәрігерлер бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр”, – делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында &laq...

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...