30 жыл бұрын зорлық көрген әйелдің қызы туралы ел күтпеген ақпарат шықты

Фото: видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
131

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол Stan.kz арнасына сұхбат беріп, қызымен қазіргі қарым-қатынасын айтып берді.

“Қызымның бойы ұзын, күліп қалған. Асырап алған америкалық ата-анасына ризамын. Қызым мен көрмеген балалық, жастық шақты көріпті. Еркелетіп өсіріп отыр. Ол мені кешіріпті. Менің кінәм жоқ екенін біліп отыр. Бір емес бірнеше оқу бітірген қызым. Асырап алған ата-анасы да көзі ашық адамдар”, - деді ол.

Оның сөзінше, қызының анасына ешқандай реніші жоқ екен.

Наташа Қалымбетова — осыдан шамамен 32 жыл бұрын төрт жігіттің тарапынан топтық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеп, өз оқиғасын көпшілікке жария еткен қазақстандық әйел. Оның айтуынша, қылмыстан кейін жүкті болып, қыз бала дүниеге әкелген, алайда түрлі жағдайларға байланысты сәбиінен айырылған. Көп жыл бойы үнсіз келген әйел 2026 жылы әлеуметтік желі арқылы басынан өткен оқиғаны айтып, әділдік іздейтінін мәлімдеді. Оның үндеуі қоғамда үлкен резонанс туғызып, құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанның Ош қаласында төрт баланың анасы Зарнигор Закированың оқиғасы қоғамда үлкен резонанс ту...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...