Жартастан құлап кетті: Алматы маңында басынан жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
199

Алматы облысында құтқарушылар теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңы маңындағы жартастан құлаған қызды тікұшақпен эвакуациялады, деп хабарлады MadeniPortal.kzҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Құтқару операциясын ҚР ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп жүргізді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жартастан құлап, басынан жарақат алған және өздігінен қозғала алмаған. Құтқарушылар келгенге дейін оған оқиға куәгері алғашқы медициналық көмек көрсетті», – деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккен қызды эвакуациялап, тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды. Қыз «Медеу» тікұшақ алаңына жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасына тапсырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресми мәлімдемеге сенсек, операцияның негізгі мақсаты — Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бассейнге демалуға барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....