Сәкен Майғазиев танымал кәсіпкерден бағалы сыйлық алды

Фото: видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
168

Әнші Алтынай Жорабаеваның сіңлісі, көпке танымал кәсіпкер Индира Жақыпова Сәкен Майғазиевке құнды сыйлық жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Кәсіпкер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Индира Жақыпова өнер иесіне бриллиантпен көмкерілген алтын сағат тарту еткен.

“Сәкен ағама бриллиантпен көмкерілген алтын Rolex сағатын сыйладым. Алла берушілердің қатарынан қылғанына шүкір.
Сәкен аға, игілігіңізге тағыңыз. Өнеріңіз өрге жүзіп, отбасыңыз аман, ғұмырыңыз берекелі болсын!” – деп жазған ол.

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл әрекетін әртүрлі бағалады. Бірі оның жомарттығын мақтаса, енді бірі мұндай сыйлықтарды мұқтаж жандарға берген дұрыс екенін жазған.

“Аллах осы аппақ таза көңіліңізге үйіп төгіп береді”, “Индира, жүрегі аппақ. Алла саған сауаптан жазсын”, “Жарайсың, Алла ниетіңе қарай бере берсін”, “Аңқылдаған көңілің мен аппақ жүрегіңнен сол Индирок, Алла саған да үйіп бере берсін, абыройың арта берсін алтыным”, “Мәрттік, жомарттық, байлар осындай болады”, “Не деген жомарт жансыз. Алланың осы пейіліңізге берері таусылмасын”, “Одан да мұқтаж жанға бергені дұрыс еді”, “Ой, жай адамға бермес едің, Майғазиев болған соң ғой”, “Берген күшті, бірақ соған расында колы жете алмай жүргендерге неге бермедің?” – деп жазған олар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...