Журналист Санат Ілияс "Жалғыз жолаушы” жобасында Өзбекстанға барған сапарын түсірді, деп хабар...
Тоқаев әскери білім беру жүйесін дамытуға басымдық берілетінін айтты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби деңгейі жоғары әскери мамандарды даярлау Қазақстан үшін негізгі міндеттердің бірі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президенттің айтуынша, патриотизм – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын нақты іспен қолдау, елдің дамуына үлес қосу және туған жердің тағдырына жауапкершілікпен қарау.
– Осы қасиетті борыштың қатарында Отан қорғау ерекше, киелі парыз саналады. Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет. Біз Қарулы күштерді жүйелі түрде жаңғыртып келеміз. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және даярлықтың озық стандарттары белсенді енгізілуде. Бұл – заман талабы. Сондықтан қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін дайындығымыз әрдайым жоғары деңгейде болуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, әрбір мүмкіндік мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейтіп, қуатын арттыруға бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әскери қызметші жан-жақты дамыған, қоғам өмірінің барлық саласына үлес қоса алатын үлгілі тұлға болуы керектігін атап өтті.
Мемлекет басшысы осы бағыттағы табысты оқу орындарының бірі ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжді мысалға келтірді. Биыл оқу орнының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде колледж сержанттық құрам үшін 4,5 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлаған. Президенттің айтуынша, оқу орнының бұл тәжірибесі халықаралық деңгейде де жоғары бағаланған.