Жерге алып Апофис астероиды ұшып келеді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
569

2029 жылдың сәуір айында Жерге жақын маңнан шамамен 350 метрлік Апофис астероиды ұшып өтеді. Ол соншалық жақын болады, оны телескопсыз-ақ көруге мүмкіндік туады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Апофис Жерден бар болғаны 32–38 мың шақырым қашықтықта өтеді. Бұл кейбір жасанды серіктердің орбитасынан да төмен және Айға қарағанда шамамен он есе жақын. Ғарыштық өлшеммен алғанда – дерлік «қасынан өтеді».

«Бұрын бұл астероид ықтимал қауіпті деп саналатын. Алайда көпжылдық бақылаулардан кейін есептеулер нақтыланып, Жермен соқтығысу болмайтыны анықталды», – дейді Пулково обсерваториясының ғалымдары.
Соған қарамастан, олар оның траекториясын бақылауды жалғастырып отыр.

«Апофис геостационарлық серіктер орналасқан аймақ арқылы өтеді. Теориялық тұрғыдан бұл телехабар таратуға, байланысқа және навигациялық жүйелерге әсер етуі мүмкін. Бірақ елеулі проблемалардың туындау ықтималдығы төмен», – деп атап өтті ғылыми қызметкерлер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...