31 желтоқсан демалыс беріле ме?: Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде неше күн демалады

Фото: Pixabay.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1547

2025 жылдың 31 желтоқсаны сәрсенбіге түседі және Қазақстанда жұмыс күні болып қала береді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады – 2026 жылдың 1 қаңтарынан 4 қаңтарына дейін. 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері, ал 7 қаңтар – Рождество мерекесіне байланысты демалыс.

2025 жылдың желтоқсанында сегіз демалыс күні сенбі және жексенбіге сәйкес келеді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне байланысты демалыс болады. 2025 жылы Қазақстан тәуелсіздіктің 34 жылдығын атап өтеді.

Бұған дейін Еңбек министрлігі халықаралық тәжірибені зерттеп, 31 желтоқсанды демалыс ету мәселесін қарастырған. Ведомство өкілі Шалқар Оразбековтің айтуынша, көптеген елдерде 31 желтоқсан – жұмыс күні, ал 1-2 қаңтар – мерекелік демалыстар. Осыған байланысты министрлік 31 желтоқсанды демалыс күні ретінде белгілемейтінін хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқық қорғау органдары Шетпе ауылында ер адамның қаза табуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы Елдос Тоқтарбай Конституциядағы орыс тіліне қатысты норманы алып тастауды ұсынды, деп хабарла...