4 адам көз жұмды: ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2253

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім – Қалжыр тас жолында жол апаты болды. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Тас жолда Lada Granta және Hyundai Santa Fe көліктері соқтығысқан. Апаттың нақты неден болғаны туралы ақпарат жоқ.

Апат кезінде Lada Granta көлігіндегі жүргізуші мен 3 жолаушы қаза тапты. Hyundai Santa Fe жүргізушісі мен үш жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. 

Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...