4 күндік жұмыс тәртібі енді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2090

Түркия 4 күндік жұмыс аптасына көшеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Түркияда жаңа жүйе наурыз-сәуір айларында басталады. Түркиялықтар 4 күн жұмыс істеуге көшу үшін, күніне 10 сағат жұмыс істеу і керек. Ол үшін жұмыс берушімен келісу маңызды. Осылайша аптасына 40 сағат жұмыс істейді.

Жаңа жүйенің ерекшелігі бір жұмыста аптасына 4 күн істейтін адам мен 5 күн істейтін адамның жалақылары бірдей болады. Мамандар бұл жүйе адамдардың жұмысқа ынтасын арттырып, отбасымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік беретінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Токиода 4 күндік жұмыс тәртібі енгенін хабарлаған едік. Себебі елде туу көрсеткіші күрт төмендеген. Сол себепті қызметкерлер 4 күндік жұмысқа ауысқан. Сәуірде күшіне енетін жаңа жарлық қызметкерлерге аптасына үш күн демалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Токиода бастауыш сыныптарда оқитын баласы бар ата-аналарға жұмыстан ертерек босауға рұқсат берілуі мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...